Өмір болған соң сан түрлі тағдырлар болады. Менің де тағдырым да екі рет шаңырақ көтердім. Сезіммен жандық, сезіммен естен тандық. Жастықпен шаңырақ көтеріп, дəм тұзымыз жараспай ажырастық.
Бірінші некемнен бір тал қызым бар. Қызым анасымен бірге тұрады. Жалғыздыққа тірі жан баласы үйрене алмасы анық. Мен де екінші рет үйленуге ниеттеніп жүрмін. Сүйген қызыммен перзентімді таныстырған едім. Сол таныстықтан бері қызымның мінезін ұға алмай далмын. Бірдеңе болса, мені қызыңды қимайтындай көрінесің деген-ді меңзейді. Менің қалауым- перзентіммен тату-тəтті болғанын қалаймын.
Неге десеңіз, менің жарым - менің ұрпағымның анасы. Мен ешқашан өз қанымнан жаралған перзентімнен бас тартпаймын. Бəрі бір де қарым-қатынас жасауға тура келеді. Ал, болашақ жарым қызым туралы əңгімеден қашқақтайды. Қызыммен көріскен соң міндетті түрде алғашқы жұбайым туралы даулы əңгіме тудырады. Туған қызымды қаламайтын əйелмен отбасын құрғаным дұрыс па? Менің перзентім оның да перзенті емес пе? Аналық мейірім көрсете ала ма?