Екі бірдей ұзын құйрықта макакалар Жонг Жонг және Хуа Хуа бұдан бірнеше апта бұрын Қытайдағы лабораторияларының бірінде дүниеге келген, деп BBC-ге сүйене отырып жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ғалымдардың айтуынша, генетикалық тұрғыда айнымайтын маймылдар адам ауруларын зерттеуге септігін тигізеді.

Ал сыншылар болса, бұл жағдайдың адам клонына алып келе жатқан этикалық мәселе екенін айтады.

Қытайдың Жүйке-жүйесі Институтының Ғылыми Академиясы клондалған маймылдар генетикалық негіздегі қатерлі ісік, ағзаның бөтен бөлшектерге қарсы тұру қасиеті мен ас қорыту жүйесіндегі ауруларды зерттеуге көмек көрсетеді.