«Сырласу»ға алғаш рет хат жазып отырмын. Айып етпеңіздер.Тығырыққа тіреліп,не істерімді білмей,еріксіз  сіздерге хат жолдап отырмын.

Мен біреудің  жалғыз ұлымын.Атым аноним болсыншы. Әкем  кішкентай кезімде дүниеден өткен.Анам жалғыз қалмасын деп оқуға бара алмадым.Мектепте жүргенде көрші мектептің бір қызымен танысқан болатынмын.Онды бітіргенше сол қызбен екі жыл жүрдім.Бір –бірімізді көрмесек тұра алмаушы едік.

Оныңда мені шын сүйетініне риза болушы едім.Ол  мектепті біткергесін үйленеміз деп уәде берген болатынмын.Бір күні ол(атестат алған күні)қалаға оқуға кететінін айтты.Мен қарсы болдым,жібергім келмеді.Бірақ ол оқимын деп тұрып алды,тыңдамады.Содан ол қалаға оқуға кетті,мен ауылда қала бердім.Олсыз өткен күндерімді,жүрегімнің ауырғанын сөзбен жеткізе алмаймын.Бастапқыда смс пен телефонмен  сөйлесіп жүретінбіз.

Бәрі дұрыс мені сағынғанын, жақсы көретінін айтатын.Сонымен уақыт өте келе смс ке жауап бермейтін болды.Телефон соқсам көтермейді.Қалаға іздеп бардым.Үзілді-кесілді мен оқимын деп тұрмысқа шығудан бас тартты.

Жүрегім тас –талқан болып,үйге келіп анама айттым.Анам ол қызды ұмыт деген.Бірақ...ұмыта алмадым.Басқа біреуді ұната алмадым.Ешкімге сезімім оянбады.Күндіз-түні тек сол қыз бар ойымды,санамды жаулап алды.Жылдар зулап өтіп жатты.Мен үйленбей жүре бердім.

Бір күні үмітім үзілді дегенде,телефон соғып тұр.Қуанышымда шек болмады.Сол күні екеуміз кездестік.Кездескен кезде ол маған тұрмысқа шығуға дайын екенін жеткізді.Үйге келген бойда анама осы қуанышымды жеткіздім.Анамның да сол сәтте қалай қуанғанын тілмен жеткізіп бере алмаймын.Перзенті үшін қай ана болса да отқа да,суға да түседі ғой.Менің бақытты болғанымды ғана қалап, басқаға үйлен деп те қыстаған еместін.

Сөздің қысқасы сол қызға үйлендім.Түн болды.Алғашқы неке күні оның қыз емес екенін біліп шок болдым.Сонша жыл зарығып күткен махаббатым адал болмай шықты.Туыстарыма айтайын десем намыс жібермейді.Анамды аяймын.Ал ол түк білмегендей күшті келін болып жүр.Мен сол түнен кейін оған жақындауды доғарғам.Өзімді қанша зорласамда болғым келмейді.Не істерімді білмей далмын.Анамды шын аяймын,адал келін әкеліп бере алмағаныма.Ол бар ықыласын жалғыз баласының келіншегіне төгіп айналып –толғанып отырады.Ал оны көру маған соншалықты ауыр.Не айтасыздар?!...