фото скриншот видеодан

el24.kz Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Сыртқы істер министрлігі бірлесіп, Қазақстан азаматын Польшадан экстрадициялады.

"Ол 2023 жылы Польшадан екі жүк көлігін алып келуге уәде беріп, жәбірленушінің 45 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп, өз міндетін орындамай, жасырынған деген күдікке ілінді", - деп жазылған хабарламада.

Биыл ақпанда ол Бодзентын қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті ұстау изоляторында отыр, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары оның басқа да алаяқтық әрекеттерге қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Жәбірленушілердің саны мен келтірілген залал көлемі тергеу барысында нақтыланатын болады.