Иманның дәмін сезінген,

Шын мүмін көзге жас алмақ.

Харамнан аулақ безінген,

Жүреді аман, инша Аллаһ!

 

Ажалың жетіп жармасса,

Өтерсің сол сәт қас-қағым.

Қайрат қыл адал жүрмекке,

Өтпесін бекер жас шағың.

 

Ешкімнен көмек сұрама,

Сырыңды жұртқа ашпағын.

Жәрдемші Аллаһ, сұра да,

Мешіттен тысқа қашпағын.

 

Құрметтеп сыйла үлкенді,

Айналайын ақ жүрек,

Ізетті менің жастарым.

Балалық кезін сағынған,

Сыр бермес көңіл-көзімде,

Аңғармас ешкім, жас барын.

 

Қателескен жан көрсең

Кәпірсің оған деме-гін.

Адамға адам себепкер,

Қолыңнан келсе демегін.

 

Адаммен қоғам көрікті,

Еңбек ет, адал ризық же.

Иманды күшейт жасыңнан,

Аллаһтан келер сый сізге!

 

Ортаға болса, жайлы кім,

Қуанышпен алмасар,

жүректі басқан қайғы-мұң.

Жоғалтып алма ешқашан,

Иманың басты байлығың!

 

Ерлан Арыстанбай