Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елде балаларға, әйелдерге және қыздарға қарсы жасалған аса ауыр қылмыстар үшін өлім жазасын қайта енгізуді тапсырды. Бұл жөнінде оның баспасөз қызметі ресми хабарлады- деп жазады el24.kz тілшісі.
Бастама 17 жастағы қыздың қатыгездікпен өлтірілуінен кейін жария етілді. Қоғамда үлкен резонанс туғызған бұл оқиға қылмыстық жаза шараларын күшейту қажеттігін көрсетті.
2007 жылы Қырғызстанда өлім жазасы заңмен жойылған, ал 2010 жылы ел БҰҰ-ның тиісті хаттамасын ратификациялаған болатын. Сондықтан жаңа заң жобасы қабылданса, Конституцияға да өзгерістер енгізу қажет болады.
Жаңа бастамаға сәйкес өлім жазасы балаларға жасалған зорлық-зомбылық, әйелдерді зорлап өлтіру және аса ауыр қылмыстарға қатысты қолданылуы мүмкін.