Жыламаңдар, мен өмірден өткенде,
Ат шалдырдым өмip деген өткелге.

Көп мақсатты қуып едік көктемде.,

Tipшілікте арманға қол жеткен бе?!


Жыламаңдар, мен өмірден кеткенде,

Менен де зор өткен талай көп пенде.

Бұдан бұрын өтіп кетсем не шара?!

Тәубе етіңдер осы жасқа жеткенге.

Өмір-өзен - өтіп жатқан бір керуен,
Асып кеткем, бел ортасы елуден.

Болған іске болаттан да берік бол,

Осы кезде таусылса егер несібем.

Жыламаңдар, қайсарлықты сүйгенмін,
Келте жіпті талай жалғап түйгенмін.
Он сегізде тeciк өкпе болсам да,
Сынық сүйем сол өкпемен жүргенмін.
Жыламаңдар, биіктерге талпынғам,
Айналайын еркелеткен халқымнан!

Амангелді Құралов