Қыстың қытымыр күні.
Таң бозыннан қу, тірлікпен күйбең қаққан, ауылдың іші.
Бірі сиырын сауса, біреуі қорадағы малға шөп суырып әлек.
Пештегі отты лаулатып, қою күрең шайдың ыссы бууын,үрлей ішіп,самай тершіп, рақаттанып отырғанда, үйге екі жігіт ағасы сау ете қалды.
- Ассаламағалейкум !Амандаса төрге шыққан құдайы қонақтар жайғасты.
Келгендердің- бірі Асқар , біреуі қасынан қалмай жүретін, Азамат – шофер жігіт .
Жасы келсе де , Асқардың үйленуге құлқы жоқ , жүрген бойдақ.
Үй иесі -Қайраттың досы , Азамат отбасылы жақын -жуық аралас – құралас .
Төменде шай құйып, құйып , отырған Фарида.
Біраз жөн сұрасып , хал – ахуалды әңгімелеп жатыр.
- Ертең тауға соғым басына келсеңдер! Азамат сен де, әйеліңе айтарсың ! – деп , Асқар сөзді қысқа қайырды
.- Шофер- Азамат өзім жеткізіп саламын , кешке дайын отырыңдар!- мына тұрған жер .
Екеуі есікке беттеп , күле-әзілдессе сыртқа бет алды.
Күнде құбылмалы, қыс қатты .Аяздың беті қайтар емес.
Ертесі күнгі кешкұрым малды жайлап , қораны көршіге табыстап жатқанда, гуілдеп көлікте тоқтады.
Қайрат пен Фарида құндақтаулы сәбиін орап, көлікке жағасты.
Көлік ішінде аққұбаша келген жас келіншек отыр . Есімі – Жұпар.
Жеңіл көлік жүйітки жөнеледі.
Бет алысы , бір асуды, белдегі, Асқардың қыстауы.
Әр жердің аспаны бөлек пе , ауылдан ұзағанда көк тұман көз қаратпайды. Жолды қар басып , қара түнекке оранған , тұмшалаған тұман сейілер емес .
- Кеше ғана жол салып , осы жолмен жүрген едік.
-Қай уақытта қар басқан? – деп , Азамат ақталумен әлек.
Фарида сәбиін бауырына басып, көлікпен бірге ырғалып тербетіле шалқақтап , артқа жантаяды. Жұпар- екеуі әр нәрсені бір сөз қылып , сөйлесіп келеді .
Ауылды тым ұзақ артқа тастап, жүйіткіген көлік , көк тұманда жолдан жаңылды.
Қақаған қыс .Түн тас қараңғы.
- Шофер ,енді бір белден ассақ жетерміз, аз қалды- деп көңіл жұбанышын қайталай берді.
Жоғарыға жүйітки көтерілген көлік, бір жерге келіп тірелді де қалды.
- Қайрат -ау …
-Шопыр не болды ?
- Тыныштық па ?
Көлікті газын басып отыр , мен артынан итерейін- деп .
Қайрат сыртқа шықты. Көз қарашығын ұрлаған тұмады түн. Көлікті артынан итеріп, қозғалар емес.
Бұлардың көлігі бір шығар жоғары да , төменен сығырайған шам жаққан үй көрінеді.
Бір асуы мен бір бел , мына тұрған жер .
Ауызға айтқанға жақын болғанмен, жету қиынға соқты. Көлік ішінде сәби мазасызданып іңгәләйды.
Көлікте отыра берсе , түннің бір уағы .
Аяқтарын бір – біріне соғып, тоңа бастады.
Көлік тірелген жерден, қозғалар емес .Қатты батпанға батқандай, қар да белуардан басып қалған.
Төртеуі ақылдаса келе жаяу шам жарығы жылтыраған жаққа бет алды.
Төменге бет алып жүру де ,оңай емес құндақтаулы сәбиді қолдан түсіріп алмаудың амалы , отырып аяңдауға тура келді. Құлдилап, қарды омбылап, аяғы тайғанап ,зорға сайға түсті. Иттер шәуілдеп, арсалаңдап үй иесіне жетер -жетпестен хабар беріп жатыр. Үй жақтан сатырлаған дауыс естілді.
Қойшы сақ , шамасы қойға қасқыр шаппасынның қамы ғой.
Қараңдаған бірі ,
-Ассалаумағалейкүм! -деген дауысынан қолындағы бес атарын төменге тіреп .
- Кімсіңдер -ей ?
- Адасып жүрміз!
- Не дейді ?
- Адасып әрең сөйлеуге шамасы жоқ , шофер міңгірлейді.
- Осы тұманда жолға шыға ма ? - үйге қарай аяңдап , есікті сыртылдатып- тасырлата бастап кірді. Іштен
- Әй, шал – ау тиышпа, ұйқылы ояу кемпірдің үні естіледі.
- Құдай қонақтар !
-Тұр !
Сығыраған шам жарығынан үш бөлмелі үй әрең көзге ілінеді.
Маздап жанған оттың жанына сәбиін құшақтап, келіншек жайғасты. Қасына демеу – Жұпар .
Шофер мен Қайрат алақанын қақтап отты пештің жанында отыр .
Қарияның қабағы қатқыл, мінезі сырт адамға сыр бермейтін, сұсты , үнсіз . Кемпірі сәбиді көріп өбектеп .
- Жаратқан жар болған екен …
- Е , аллай, күбірлеп , шай демдеді.
Құдайы қонақтар әл жинап , сырт киімін шешіп жайғасты .
- Қария жөткерініп, жөн айтыңдар , сөзге кезек берді.
- Қайрат Асқардың қыстауына бет алғанын баяндап жатыр .
- Қария әлі алыс қой , жолмен неге жүрмедіңдер? Белге тіреліп қалғансыңдар – ау – деп шамалады. Өзі қоныстанған жердің жай- жапсарын, бүге – шүгесіне, сайы – тасын , қыры мен жотасын жетік біледі.
Аз үнсіздіктен әлденіп, төсек – төсенішке қисая кетті.
Қара тас -тұман , жан алғыш әзірейілдей .
Қайдам , ұйқы болсын, адасқанға ұйқы да ажалдай көрінеді .
Таң бозарып атты .
Кемпір күйбеңдеп от жағудың қамымен күл шығарып, отын тасып бір кіріп, бір шығуда. Далаға адасқан- екеу шықты. Қария малды жайғап , қора жақта көмекшісімен бірге жүр .
Бәрі жиналып, таңғы астың «тәңір сыйын «ауқаттануда.
Қария баласын Асқарға жібергенін естіртті.
Шофер мен Қайрат көлікке кетті. Қария , көмекшімен тыста.
Кемпір отқа қазан қойып, бір салым еттің иісі үйдің шырайын кіргізуде.
Сәби былбырап ұйқыда.
Бір кезде адасқан- екеу көліктен түсіп, үйге кірді . Ет желініп, көліктің омбы қарға емес бел басына тасқа тіркелгенін айтып , кеше тірелген жерден төмен түссек сау қалмайтын едік…
- Қария құдай қақты!
- Қайта аман – саусыңдар!
- Кемпір :
- Е , жарықтық сәбидің періштесі қаққан екен!
- Е , жаратқан!
Бұл түн- періште қаққан түн болды !
- Құдай тамақ беріңдер !
Сол мезетте , сықырлаған шана сүйреп қарияның ұлы да келді.Өре түрегеліп , бәрінің көзі сырттағы шанада. Есікке беттеп,
- Асқар сәлем айтты, көлік асуға жетпес , шанамен келіңдер !
- Ерте шықсын жол ұзақ , қас қарая қасекеңдер жортады , тұман да көз байлайды- деді.
Шұғыл қонақтар жолға жиналды.
Ат шанаға екі келіншек пен Азамат жайғасты. Қайрат аттың басын бұрып , жол бастаушы.
Із сайрап жатыр .
Түс әулеті болса да , тұман аздап сейілгенмен аспан ашық емес .Аттың басын бос қоя , салпаң жүрістен, шапшаңға ұласты. Азамат мәз , «менің көлігімнен көк атың жүйрік екен , ауылға тартып кетсек қалай ?»- деп әзілдеуде.
- Ойбууу, ел көрсе, шанамен Аяз ата мен Ақшар болып жүр !-дер
- Асқар көлігін сатып , көк ат пен шанаға айырбастапты- деп жүрер .
Шана зуылдап , белден асса , «ойдөйт « шу ете түседі .Азамат сөзге төрелік етіп , екі келіншекке әзілдеп . Асқардың үйі де көзге шалынды.
Лабасыдағы қора жайымен, төрт бөлмелі шағын үй .Қойдың маңыраған, иттің әупілдеген дауысы естіліп , үйге де ат басын бұрды.
Асқар мал жайғап қора жақтан , қонақтарға беттеді.
Үйге кіре піскен еттің иісі мен жылқының сорпасы апшыны қуырады. Үйде Асқардың анасы мен әкесі келгендерді жылы шырай қуана қарсы алды.
- Сендер жолға шыққанда, тұман да жағаласып.
-Кеше күтіп , тұманда жолда адасты ма ?- деп топшаладық.
Дөңгелек жозы жайылды. Лезде былқылдап піскен ет , буға піскен картоппен ортаға қойылды.
Бата жасап , қол жайып , бет сипап ас батасы жасады. Асқар емен – жарқын , әңгіме -дүкен құруда.
--Бұйырған несібе қайда кетер ? – дейсің
- Иесі келгенше қазанда күтеді.
Асқар домбырамен ән әуелетті .
« Көрікті көл беті
Көк елес көлбеді «-деп зор дауысы іліп әкетті .
«Сүйіктім келер – ау
Айдын көл сен айтшы ! « - дегенде, екі келіншек қайыра қосылып әкетті.
Қайрат» Мұқағалидың
« Пай , пай , өмір !» өлеңін оқи жөнелді.
Бір жақсы отырыс қыза түсті.
Кешегі мазасызданған сәби де езу тартып ,қуантып қояды.
Қонақтар кетуге ыңғай тартты.
Сыбаға салып , анасы қалбалақтап қонақтарды қу жаны қалмай шығарып салды.
Шанамен зуылдап , бел – белден , асу мен дөң артта сырғып қалуда.
- Бұйырған несібеден келген бетте , көлікті от алдырып , жолға тартты . Соғым басынан көңілі хош оралды .
Періште қаққан түн!
Сәбидің періштесі: көк тұман мен көк тастан , қара түнектен қаққан түн еді .
Автор: Асемгул Алдибекова