26 жастағы тарих пәнінің мұғалімі Ребекка Мейсон-Калес өзінің күйеуі бола тұра ұзақ уақыт бойы 16 жастағы оқушысымен төсектес болып жүрген деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мұғалім кәмелетке толмаған оқушымен жыныстық қатынасқа түскені үшін қамауға алынды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, Ребекка Мейсон-Калес оқушымен кем дегенде алты рет жыныстық қатынасқа түскен.

Оған қоса, "жігітіне" жалаңаш суреттер жіберіп отырған. Олардың құпия қарым-қатынасы туралы белгісіз біреу жасырын нөмір арқылы хабарлаған екен. Тәртіп сақшылары ақпаратты тексере келе, тұрмыстағы әйелді қамауға алды.

Ал күйеуі бұл қарым-қатынас туралы білмеген екен.