ERNUR.KZ. "Аэрофлот" әуекомпаниясының ұшағында өзін «депутаттың әйелімін» деген жолаушы жанжал шығарды. Оқиға Мәскеу – Бейрут бағытына жол алған әуе кемесінде болған. Лауазымды қызметкер әйелінің қылығын бортта болған өзге жолаушылар телефонға түсіріп алыпты.

Видеоны интернетке салған желі қолданушысы «әйел әуедегі ұшақ экипажын күйеуінің қызметімен қорқытпақ болды» деп жазыпты.