ҚазАқпарат - Семейде оқушы қыздың денесіне «қол жүгіртіп», қырындаған денешынықтыру пәнінің мұғаліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

21 ақпанда болған оқиға қала мектептерінің мұғалімдерінің төбесінен  жай түсіргендей болды. Қаладағы  № 30 мектептің жетінші сынып оқушысы өзіне денешынықтыру пәнінің мұғалімі еркінен тыс әрекетке итермелегенін  айтып, директорға арызданған. Кейін қыздың ата-анасы құқық қорғау органдарына шағым түсірді. 
      Алайда әріптестері оның мұндай әрекетке баруы мүмкін еместігін айтып, оқиғаның түсінбеушілік екенін алға тартуда.  «3 жылдан бері ұстаздық жолда қызмет етіп келе жатқан оның бойынан ерсі әрекеттерді байқаған емеспіз», - дейді әріптестері.    Қазір мұғалімге қатысты «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүруде. Ал дау шыққан кейін мұғалім жұмыстан босатылған. «Негізі мұғалім оқушыға жамандық ойлауы мүмкін емес. Ұзтаздың жаман пейілі болмауы, ал қыз  мұны теріс қабылдап қоюы мүмкін.
      Сондықтан соңы осындай үлкен мәселеге айналып отыр.  Қазір тергеу жүріп жатыр. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екені іс аяқталғаннан кейін нақты белгілі болады», - деді Семей қалалық Білім бөлімінің жетекшісі Наталия Фесенко. 


Дереккөз : inform.kz/kz