Медициналық тексерістердің бірінде ер адам өзінің өмір бойы белсіз болғанын білген.

Марокколық профессор әйелімен 35 жыл тату-тәтті ғұмыр кешті.  Ерлі-зайыптылардың тоғыз баласы дүниеге келген. Ер адам бұл жайтқа бірден сене қоймады. Бір емес, бірнеше емханада тексерістен өткен. Барлығынан бір жауап естиді. Тіпті соңғы елу жылда бала сүюі мүмкін болмағанына көз жеткізді.  
 
Осыдан кейін әйелін көзіне шөп салғаны үшін айыптап, ажырасуға арыз берген. Барлық балаларынан да бас тартпақ. Мароккода ерлі-зайыптылардың көзіне шөп салу ауыр қылмыс саналады. Кінәлі адам түрмеге жабылады.