Маңғыстау облысында Жаңаөзенге жақын жерде бетпе-бет соқтығысқан автокөлік түгі қалмай жанып кетті, зардап шеккендер бар.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, жол апаты 10 маусымда 20:00 кезінде болған. Lexus ES 330 ылдиға шыға бере, алдындағы көлікті озбақ болып, қарсы беттік қозғалыс жолағына ауысады.
Салдарынан Lexus қарама-қарсы келе жатқан Toyota Avalon көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Avalon көлігі отқа оранып, түгі қалмай жанып кеткен. Жаңаөзен орталық қалалық ауруханасы берген мәлімет бойынша, бірнеше адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған. Оқиғаның мән-жайы аңықталуда.