Сарапшылар WhatsApp мессенджеріндегі жаңа алаяқтық туралы айтты. Қылмыстық схема көмегімен алаяқтар WhatsApp-ты қолданатындардың ақшасын ұрлауы мүмкін екен.

Алаяқтар өз құрбандарын алдап, ақылы сервистерге жаздырады. Қолданушы жазылғаннан кейін, айына 50 долларынан айырылады екен. Шабуыл былай басталады: қолданушыға телефонда сақталған нөмірлердің бірінен хабарлама келеді. 

 
Онда белгілі бір киім немесе аяқ киім брендінің мерейтойына байланысты сыйлық алу мүмкіндігі бар екені айтылады. Осыдан кейін қолданушыға компания сайтының сілтемесі жберіледі. Шын мәнісінде сайт мекенжайында символдардың бірі өзгертілген, ал ашылған беттің өзі тек көшірме ғана. 
 
Кейін қолданушыға анкетадағы бірнеше сұраққа жауап беру, акция туралы достарыңмен бөлісу және құны бір доллар "жүлде алуға өтініш" рәсімдеу ұсынылады. Қолданушы банк картасындағы мәліметтерді енгізген сәтте, оның есепшотынан 50 доллар алынып, ол ақылы сервиске жазылады. 
 
 
 
Дереккөз: Sputnik