14- қараша бізге бір жыл

Мейірхан Мейрамбекұлы " kz.el24.kz" порталының жоба жетекшісі

Бəрі де кездейсоқ басталды. Кездейсоқтық - бір үлкен жобаға негіз болды. Іс бастау оңай емес. Істің көзін табу да қиын. " kz.el24.kz"  порталы - үлкен шыңдалу жолы болды. Сындарлы уақыттың көшінде бір жылды артқа қалдырдық. Іс басынан əр уақ  тілеулес жандар табылды. Жеткер Жүсіптей ағамыз  жөн-жобаны нұсқап, өз өнегесімен бөлісті. Сындардан ширадық. Сын айтқан оқырманның пікірін топ болып зерделедік.  Оқырман талабын ескеру мен оқырман мүддесі - біздің басты мұратымыз.

 Не жасасақ та оқырман талабы мен талғамынан  қашықтап кете алмадық.Өйткені жеңіл дүниелер, от-басы ошақ қасы  тақырыптарына сұраныс  артып,мәнді ,ғибратты жазбалар көлеңкеде қалып қоятын сәттер де болды...

 Шығармаларын жарыққа шығара алмай жүрген жастарға демеу болдық.Көпшілікке таныстыруға үлес қостық. Жоспарлап отырған талай тірлігіміз бар.Қашанда талғамы жоғары оқырманның талабына сай еңбек етеміз деп ойлаймыз.Ұсыныстар, тілектер,сындар бәрі ескеріледі.Ескеріліпте жатыр.

Біз сіздермен біргеміз  құрметті оқырман !

                                                              Дереккөз: el24kz

 


 

Гүлдана Сермахан 1989 жылы Қызылорда облысы,”Қармақшы “ауданында дүниеге келген. Жырлары  облыстық "Сыр дидары"  газеттінде жарияланып  тұрады. 2016 -жылдан бастап өлеңдер мен əңгімелер  жазады. 2018 жылы "Сырымды айтам жырыма" деген электронды өлеңдер жинағы жарық көрген.

 

 Бір  жылдығың  құтты  болсын  бүгінгі..!

 

Жақсы жайтпен бастадым да, күнімді

Есті жұртым, назбен шығар үнімді

Алыс-жақын , ақындарды жинаған

Бір жылдығың құтты болсын бүгінгі..!

 

Талай жастың жауһарларын шығардың,

Шын таныдың қасиетін шынардың

Әлі қанша таланттарды ашады

Алда талай атса дәйім мұнар күн..!

 

Жастары да тулап тұр ғой, ол қанды

Менде жүдә қалдырмаспын олжамды

Шабыттарың шарықтасын  el24kz

Халық үшін еңбек етсең ол мәнді !