Маңғыстауда автобус түйеге соғылып бір адам қаза тапты. 

Жануар машинаның ішіне бір-ақ кіріп, 19 жастағы жолаушыны басып қалған
Қайғылы жағдай Ақтау-Жетібай тас жолында болған.

Қатты жүйіткіген техника жол үстіндегі Ойсыл қара тұқымын оңдырмай қаққан. Қатты соққыдан шағын автобустың алдынан кірген түйе, орындықтарды жапыра артқы жағына кептеліп қалған.Сол кезде салондағы жас жігіт бастырылып өлген. Көлік жүргізушісі мен қаза болған жігіттің анасы да ауруханаға жеткізілді.

Жеңіл жарақат алған ер адам үйіне қайтарылса, әйел емдеу мекемесінде жатыр. Қазір апатқа себеп болған түйенің иесі іздестірілуде.

Дереккөз: 365info.kz