Гүлмәриям Барманбекова
1986 жылдың 17- Желтоқсаны. Телеарна терезесінің дәп түбінде болып жатты ғой бәрі. Ақша бетін қан жуған қара көздер шырылдап келіп столымыздың астына тығылған. Дәлізде кетіп бара жатқан орыс әріптесім: «Сволочи! Националисты!» – деп, өз сөзінің уытына булығып алған. Дәп жүрегімнің түбінен қанжармен осып жібергендей болды. Терезеге жақындадым. Желтоқсан көшесінің бойындаүлкен жүк машинасы тұрды. Басына каска киген солдат екіншісінің көмегімен артқы қабырғасы ашық тұрған машинаның кузовына ұлма-жұлмасы шыққан шалажансар қызды лақтырып жіберді. Осыны көргенше, шыққыр көзім нағып шығып кетпеді екен!...Тұрған жерімде еңірей беріппін.
Ауладағы көрініс одан да жаман еді. Қолында үлкен таяғы, манағы аузынан ақ ит кіріп, қара ит шығатын әріптесім бері қарай ығыса қашқан қазақ балаларын қуалап жүр. Құтырынған төбет секілді. Құдды ата жауын көргендей. Басқа-көзге аяусыз сабалайды. Бір бейшара бала басын жалаңаш қолымен көлегейлей берді. Жан даусым шыға шыңғырған қалпы бірінші қабатқа жүгіріп түсіп келем. Қайтпекпін, білмеймін. Қарсы алдымнан кезіккен Молдабек ағай құшақтай алды. Үнсіз басымнан сипап тұр. Ақсақалдың сабырлы күйі мені біраз тыныштандыра түскендей. Ышқынып, өкси түсем. «Жыла, жыла! Бірақ сыртқа шығушы болма!»– деді ағай. Өзімді сабаса, күндердің бір күнінде кешіріп те жіберер ме едім. Мейірім мен кешірімнің ең күшті ем екенін түсінем ғой... Бірақ, дәп мына жайлар... мына көріністер жүрекке мәңгілік шаншу болып қадалған.
Сол күнгі жаңалықтарға кезекші болатынмын. «Жоғарғы жақтан» келген бейнематериалды қарап жатырмыз. Қайла, балта, үшкір темір, резеңке таяқтың суреттері. Алаңға шыққан жастар осылармен қаруланған деп ақпарат беруіміз керек екен. Сағат Әшімбаевтың екі беті алаулап, көзі қасіреттен қанталап жүре берді. Былай тартсаң – арба сынады, былай тартсаң – өгіз өледі. Материалды беруге де, бермеуге де болмайды. Қарақан басың мен халықтың тағдыры таразыға түсетін жайттар – журналист үшін жат емес. Сағат аға жүрегін ұстай берді. «Бере алмаймын! Бере алмаймын! Мейлі, мені атсын, шапсын!». Осы сөздерді ол жан-жүрегімен жылап айтты. Жастардың қолында мұндай қарулардың болмағанын өз көзімізбен көріп отырмыз ғой. Қалай ғана иманымызды жұтайық! Бірақ кешкісін ақпараттардан әлгі «жоғарғы жақтан» келген көріністер көрсетілді. Қалай көрсетілді – ол жағы маған беймәлім. Шындық тұншықты. Дәп мен кезекші болған күні!
Сатқындар мен қиянатшылдардың өмірде көптігіне қарамастан, түбі ізгіліктің жеңетінінен бір сәт те үмітімді үзген емеспін. Қалыптасқан қалыптар бойынша ойлау, сөйлеу - журналистік этика деп айтылып жүр ғой. Нағыз ой ешқандай қалыпқа сыймайды. Сағат Әшімбаев ұзаққа бармады. Жүрегі ұстап, қайтыс болды.
Өмір жолы шырғалаң. Сол жолмен тек қана алға жүргің келеді. Кейде шыдай алмай, кері қайтасың. Кейде өзіңе-өзің қарсы жүретін кездерің де болады. Сонда барып, өмірде көп жайттардың сенің еркіңнен тыс көрініс табатынын ұғасың.

«Өмірдің дәмі» деген кітабімнен қысқартылып алынды.