Ақтөбе полициясы оқ атқан күдіктілерді ұстап, қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды  ҚазАқпарат

Оқиға 16 мамыр күні болды. Ақтөбе қаласындағы Сәңкібай батыр көшесінде орналасқан моншада белгісіз біреулер оқ атып, Атырау облысының тұрғыны ауруханаға түсті.

Оның желке тұсындағы жұмсақ тіні жараланған. "Полиция жедел қимылдап, Атырау облысының екі тұрғынын ұстады. Күдіктілердің бірнеше күн бұрын ғана Ақтөбеге келгені анықталды. Жалдамалы пәтерден екі қару табылды. Оның біреуі Атыраудың Мақат ауданынан ұрланған. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстың себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.