Жұмыстан шығып қалғаны жөнінде Тоты Әмірованың өзі әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы хабарлады.


Журналистер азаматтық авиация комитетіне оқиғаға қатысты арнайы сұраным хат жіберді. «Министрлікте жұмыс істеген уақытында комитетке Тоты Әмірованың заңсыз әрекеті мен этикаға жатпайтын сөзі үшін қоластындағылардан, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы субъектілер мен ұйымдардан шағымдар түсті», - делінген Азаматтық авиация комитетінің мәлімдемесінде. 


Жұмыстан шығып қалғаны жөнінде Тоты Әмірованың өзі әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы хабарлады. 

Ол өзіне комитет төрағасы Әлжанов қол қойған жұмыстан шығару жөніндегі бұйрықтың табысталғанын жеткізді. Әмірованың айтуынша, ол жұмыстан шығу туралы ешқандай өтініш жазбаған. Оған қоса, ол сөгіс пен жазаға ілікпегенін де айтты. «Мен жоқ кезде маған рейстің 25 минутқа кешіктірілгенін іліп қойды. Олардың мәлімдеуінше, жағдай сегіз ай бұрын орын алған. 

Олар бұл оқиғада интернеттегі белгісіз адамның дауысының жазбасына сүйеніп, соны негізге алып отыр», - деп жазған Әмірова. Ол өзінің адал еңбек еткенін және ары таза екенін жеткізді. Тәртіптік комиссияның ұсынысы бойынша Тоты Әмірованы лауазымынан босату түрінде («Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» бабына сәйкес) жаза алды. Комитет ұшуды заңсыз кешіктіретін қызметкерлердің Қазақстан заңдарына сәйкес жазаланатындығын түсіндірді. Тоты Әмірованың жұмыстан шығып қалуы жөнінде экономикалық шолушы әрі блогер Денис Кривошеев пікір білдірді. 

Ол тұңғыш ұшқыш әйелдің жұмыстан шығуын дұрыс деп есептейтінін алға тартты. «Авиация облысындағы тоқырау мен мемлекетіміздегі авиация имиджіне әсер ететін көптеген негативті мәселелер дәл осы адаммен байланысты. Мен үшін Тоты мемлекеттік қызметкер ретінде үлгі тұтарлық адам емес. Мемқызметкер ондай болмауы керек. Ол өз қызығушылығы мен атаққұмарлығын қызмет аясында қолданбауы қажет», - деді Денис Кривошеев.


Дереккөз : ktk.kz