Арыстағы жарылыстар кезінде қатты жараланған жеткіншектің бірі ауыр хәлде жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласына санавиациямен жеткізілген оған шұғыл операция жасалғанымен, жағдайы оңалар емес.

Жансақтау бөлімінде жатқан 8 жастағы ойын баласы тәулік бойы дәрігерлердің қатаң бақылауында. Мәліметтерге қарағанда ол басынан жарақат алған. Жалпы, Арыстағы апаттан соң, Елордаға санавиациямен екі бала жеткізілген болатын. Оның бірі өлім мен өмірдің арасында жатса, екіншісінің жағдайы орташа деп бағаланып отыр. 14 жастағы жасөспірімнің өміріне төнген қауіп жоқ болғанымен, оның да жарақаты ауыр дейді ақ халаттылар.

ktk.kz