Жамбылдық полицейлер Тараз қаласының ойын-сауық орындарына рейд жүргізіп, қала кафелерінің бірінен синтетикалық есірткі қолданған облыс орталығының 26 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды  Қаз.Ақпарат тілшісі.


Рейдті облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген. Ұсталған тұрғыннан ситетикалық есірткіден бөлек «каннабис шайыры» есірткі заты да табылып, тәркіленді. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. «Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 1-бөлігі және 296-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр» делінген ведомство хабарламасында. Сондай-ақ, кафе иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 422-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған.