Кейбір дәрілер көлік жүргізу куәлігінен айыруы мүмкін. Бұл туралы сот сараптамалы институтының мамандары ескертеді.
 
Олар тұмау мен жөтелге қарсы дәрілердің құрамындағы Кодеин, Фенобарбитал сынды қоспалар, ішімдік пен есірткінің аз мөлшерін болса да ағзада көрсете алады,-дейді.  Жылдам сараптама жасайтын құрылғылар оны бірден анықтап береді екен.    Алматы қаласы бойынша сот сараптамалары институты мамандарының айтуынша, адамның ауруын жазған дәрі көлік жүргізу куәлігінен айыруы әбден мүмкін. Мұндай жағдай жиі кездеседі екен. Мысалы дене қызуына, тамақ ауруына және тұмауға қарсы дәрілердің құрамында апиыннан алынатын кодеин, фенобарбитал сынды ауруды бәсеңдететін қоспалар бар. Оны тұрақты пайдаланған соң, адам ағзасы бір аптада толық тазарады.
 
Дарья СКУРИХИНА,АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Әрине дәрілердің құрамындағы Кодеин, Фенобарбитал сынды қоспалар ішімдік ішкен, есірткі пайдаланған адамдардың ағзасындағы мөлшерге қарағанда әлдеқайда төмен.
 
Бірақ, жылдам сараптама жасайтын құрылғылар дәрілердің де мөлшерін көрсетеді. Сондықтан толыққанды сараптамадан өту керек. Ол жерде уақыт шектеуі бар. Осындай даулы мәселеде бірден зертханалық сараптама жасатқан жөн,- дейді мамандар.
 
Алайда, адам ағзасындағы зиянды заттардың мөлшері сағат сайын азаятындықтан зертханалық сараптама уақыты да шектеулі. Ал, көлік тізгіндеген азаматтардың көбі тек тыныштандыруға арналған дәрілік заттардан ғана хабардар екен.
 
БЛИЦ: - Енді корбалол ішкен адам бір аптаға дейін, деп интернетте жүр ғой. Ол Россияда болған оқиға ғой, деймін.
- Корбалолдан басқасын естімедіңіз ба?
- Естімедім, ішіп көрмедім.
-Да говорили про сердце у них проценты, но всех незнаю.
-Не встречался такие ситуаций? - нет, не попадал.
- Мен өзім дәрі қолданбаймын. Бәрі табиғи Айта кетейік, елде 11 қаңтардан бастап жол жүру ережесіне қатысты заңға бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
 
Яғни, мас күйде көлік тізгіндегендерге қатысты жаза қатайды. Жаңа заң күшіне енген күннен бері Алматы қаласы бойынша мас күйінде көлік тізгіндеген 52 жүргізуші анықталып, ісі сотқа жіберілген.
 
Оның он тоғызы жол апатына түскен. Жандос МҰРАТӘЛИЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жүргізуші мас күйінде немесе есірткі қолданып жүрген кезінде ұсталды.
 
Сол 52 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, олар жауапқа тартылды. Олар жеті жылға жүргізу куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамалды. Өткен жылмен салыстырғанда 68 пайызға азайыпты. Мұндай даулы мәселеден аулық болу үшін бірінші кезекте дәрілердің құрамын қарау керек, дейді мамандар. Өйткені, аталған зиянды заттар дәрілердің барлығында бірдей бола бермейді екен. А. Кемелжан 
 
 
Дереккөз : astanatv.kz