27 сәуірде Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 847 жағдайы тіркелді.

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. «Кеше вирус жұқтырудың 5 жаңа жағдайы тіркелді.
 
Оның ішінде 1989 жылы туған екі ер адам және 1971, 1958 жылғы екі әйел бар, ал бесіншісі кеше Атырау - Алматы рейсімен ұшып келген 1988 жылы туған әйел.
 
Ұшып келген экипаждың барлық мүшелері карантинге орналастырылды»,-делінген хабарламада. Жұқпалы аурулар стационарларында 744 адам коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр екен. 2 науқастың жай-күйі аса ауыр деп бағаланған, 29 адамда – ауыр, 214 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында – қанағаттанарлық.
 
Екі науқас тыныс алу қиындығына байланысты ӨЖЖ аппаратына қосылған. Провизорлық госпитальдарда 481 адам жатыр, оның ішінде – 11 бала, карантиндік оқшаулауда 415 адам, оның 5-і бала. Провизорлық және карантиндік стационарларда бос орындар жеткілікті. Бүгінгі күнге дейін Алматыда 96 адам сауығып, үйіне оралған. Оның ішінде алтауы - балалар.