Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары ішінде коронавирус жұқтырған адамы бар жедел жәрдем көлігінің паромға баруына жол бермеді. Ауыр халде жатқан науқасты тасымалдау үшін арнайы рейс жасалды деп хабарлайды Nur.kz порталы.
 
ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанның Facebook-тегі аккаунтына сілтеме жасап.  Өңірдің бас дәрігері өз парақшасында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына үндеу жариялады, бұл аймақта да, бүкіл елде де "КВИ -ге деген сенімсіздік және пациенттерге белгілі бір стигматизм" бар екенін атап өтті.
 
Мұхамеджан қазақстандықтар әлі күнге дейін бетперде кию және қашықтықты сақтау сияқты барлық ұсыныстардың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінбейтінін жазды. Сонымен қатар, оның айтуынша, аймақта жұқтырғандар саны барған сайын артып жатыр.
 
Ең көп өсім Семейде байқалды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы тұрғындардың назарын дәрігерлердің жұмысына аударды, себебі ақ халаттылар ыстық ауа райына қарамастан, қорғаныш костюмдерінде жұмыс істеуге мәжбүр. Сонымен қатар, олардың көпшілігі ұзақ уақыт бойы туыстарын көрмеген.
 
КВИ вирусын жұқтырғандар ауруханалардың 85%-дан артығын толтырған, егер жағдай нашарлай берсе, қаладағы басқа ауруханаларды қайта жабдықтауға тура келеді, деп Мұхамеджан елдің шығысындағы жағдайды айтып, ауруханалар мен дәрігерлердің мүмкіндіктері шексіз емес екенін айтты.