Праймеризге еліміздегі белгілі өнер және спорт жұлдыздары да белсене қатысты. Қоғамда орны бар қайраткерлер де қатардан көрініп жатыр. Azatmedia.kz порталы әлеуметтік желілерде миллиондаған оқырманы бар танымал жұлдыздардың қанша дауыс жинағанын сараптап көріпті.

Қабатов Тұрсынбек Амагелдіұлы

Елімізге белгілі әзіл-сықақшы. Оның әрбір әзілін ел сүйіп көреді. Инстаграм әлеуметтік желісінде 1,6 миллион оқырманы бар. Дегенмен, праймеризде жолы болмады. Жинаған дауыс саны &ndash 243.

Ерманов Жүрсін Молдашұлы

Ақын, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы. Инстаграм әлеуметтік желісінде 56 мыңнан аса оқырманы бар. Праймеризде жинаған дауыс саны &ndash 375.

Артаев Бахтияр Карипуллаевич

Қазақстандық боксшы, Афина олимпиадасының чемпионы. Инстаграм әлеуметтік желісінде 4,8 мың оқырманы бар. Праймеризде жинаған дауыс саны &ndash 209.

Төребаев Мейіржан Мылтықбайұлы

Елімізге белгілі вайнер. Әр әзілі 400 мыңнан аса қаралым жинайды. Инстаграм әлеуметтік желісінде 2,5 миллионнан аса оқырманы бар. Праймеризде жинаған дауыс саны &ndash 707.


Әбдімәлік Жансая Даниярқызы

Шахматшы. 14 жасында әйелдер арасындағы гроссмейстер атанған дарынды қыздың инстаграм әлеуметтік желісінде 21,6 мың оқырманы бар. Праймеризде жинаған дауыс саны &ndash 969.


Ескендір Ибрагим Хашимұлы

Елімізге белгілі әнші. Инстаграм әлеуметтік желісінде 115 мың оқырманы бар. Праймеризде жинаған дауыс саны &ndash 195.

Ошақбаева Құралай Серікқызы

Жеке кәсіпкер, тележүргізуші. Инстаграм әлеуметтік желісінде 1,1 миллион оқырманы бар. Праймеризде жинаған дауыс саны &ndash 459.

Azatmedia.kz