Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 18 қазанда сегізінші шағын ауданның сегізінші үйінде болған.

Полиция департаментінің жедел басқару орталығына сағат 19:04-те қоңырау түскен. Ер адам биіктен құлаған кезінде алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. «1951 жылы туған ер адам бесінші қабаттан құлап кеткен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері шықты. Аталған факті Ақтау қалалық полиция басқармасында тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.