Қорғаныс министрлігі "ҚР Қарулы күштерінің қарулануында тұрған және пайдаланатын құралдардың тізбесін бекіту туралы" бұйрық жобасын жариялады.

Арнайы құралдардың 15 бөлімнен тұратын тізімі «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында жарияланды:

1. Соққыға қарсы (қорғау) қалқан

2. Металл қол кісендері

3. Көзді жасаурататын газ бар баллон

4. Арнайы таяқ

5. Қорғау қалқандарының жиынтығы

6. Өлімге әкелмейтін қару (жарақаттайтын патрондармен)

7. Байланыс жүйесімен алмалы-салмалы қайырмасы бар соққыға қарсы қорғау дулығалары

8. Әртүрлі қорғау деңгейіндегі броньды кеудеше

9. Жарық-дыбысты гранаталар

10. Көлік құралдарын мәжбүрлеп тоқтауға арналған құрылғылар

11 Үй-жайларды ашуға арналған құрылғылар

12. Электрмен естен тандыру құрылғылары

13. Арнайы дауыс зорайтқыш құрылғылар

14. Қызметтік иттер

15. Қашықтықтан әрекет ететін акустикалық құрылғы

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, аталған құжатта «әскери қызметшілердің қатысуымен өтетін түрлі шаралар барысында құқық тәртібін қамтамасыз етуге тартылатын әскери полиция бөлімшелері қамтылатын арнайы құралдар атауларының тізбесі белгіленген». Тізімдегі арнайы құралдарды билік әдетте митингілер мен жаппай қарсылық акцияларын күштеп тарату үшін қолданады.

Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қол қойған құжатта «бұл бұйрық жарияланған соң он күнтізбе күн ішінде күшіне енеді» деп көрсетілген.

Ақпараттық дереккөз : baribar.kz