«Билайн» компаниясы Қазақстан аумағында ресейлік ақпараттық телеарналардың трансляциясын тоқтату туралы шешімге келді.

Бұл туралы компанияның ресми сайтында жарияланды.  
Мәлімет бойынша, 5 қазаннан бастап олар еліміздің аумағында көрсетілмейді.

«Дом кино», «Победа»,«О!», «Первый канал СНГ», «НТВ МИР», «Карусель International», «Россия 24»,«Музыка Первого», «РТР Планета», «Время: далекое и близкое», «Телекафе», «Поехали», «Дом кино Premium HD», «Бобёр»,«Россия К» арналары көрсетпейді», — делінген хабарламада.

Олардың орнын «Еврокино», «Любимое Кино», «1HD music» және «Еда Премиум HD» арналары баспақ.

kaz.caravan.kz