Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында түнгі сағат 02:15-те Маңғыстау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен 15 шағын аудандағы тұрғын үй кешендерінің бірінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар - покер мен екі дилер ұсталды,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі Маңғыстау Облысының Полиция Департаментіне сілтеме жасап.


Сондай-ақ, мекенжай бойынша тінту кезінде 1 ойын үстелі, покер ойнауға арналған 154 дана чип, покер ойындарына арналған 16 қорап карта және "марихуана" есірткі затын пайдалануға арналған 2 қолдан жасалған баклашка тәркіленді.

Одан бөлек, "покерден" 374 500 теңге, 200 доллар және 50 еуро көлемінде ақшалай қаражат және құрамында "марихуана" есірткі заты бар 1 байлам тәркіленді.

Сонымен қатар, үй-жайда покер ойнаған даяшы мен келушілер де болды.

Аталған дерек ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.