Үлкен Алматы айналма жолы аймағынан балалар арбасында жатқан нәресте табылды,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі ҚазАқПаратқа сілтеме жасап.

Кішкентай баланың видеосы TikTok желісінде тарады. Алматы облысының полиция департаменті 15 мамыр күні сағат 10:08 шамасында Үлкен Алматы айналма жолынан 5 шақырым жерде кәмелетке толмаған баланың табылғаны туралы хабар түскенін мәлім етті.

Аталған дерек Қарасай аудандық полиция басқармасында тіркелді. Фактіні тексеру барысында оқиға орнына дереу полиция жасағы жөнелтіліп, көп ұзамай баланың анасы анықталды.

«Анаға қатысты ҚР ӘҚБтК 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Ата-анамен түсіндірме сипаттағы профилактикалық әңгіме жүргізіліп, олар ҚР Қылмыстық кодексінің және Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің баптарымен таныстырылды», – деп хабарлады ведомстводан.