«Еңбек еткен адамның еңсесі биік» деп жазды Али Оқаповтың жары Ақерке Бүркітбай.

"Арнайы жасалып жатқан нәрсе сияқты" Ақерке Бүркітбай күйеуі Әли Оқаповқа қатысты дауға пікір білдірді- деп жазады el24.kz тілшісі.
"Кешеден бері Instagram-да, жалпы әлеуметтік желілерде болып жатқан нәрсені көріп тұрған шығарсыздар, бір мезетте басталып кетті. Шынымды айтсам, мен үшін, арнайы жасалып жатқан нәрсе сияқты көрінді. Менің жолдасым бұл орденге лайық. Неге? Себебі, ең бірінші, ол - кәсіби музыкант және адал еңбек етіп жүрген азамат. Ол өте еңбекқор, өзіне ғана емес, Қазақстанның қарулы күштері, көптеген халықаралық конкурсқа қатысып жүрген әншілерге, жастарға ән жазып, продюсер болып жүр. Ең бастысы, ол ешқашан мен мынаны жасадым деп кеудесін керіп, мақтанатын азамат емес. Мен өз басым оны құрметтеймін және осы марапатқа лайық деп ойлаймын", - дейді ол. 
 
Айта кетейік , Республика күніне орай  Әли Оқапов "Құрмет" орденінің иегері  болған.  Ол орденге лайықты не істеді?- деп көпшілік  қатты сынға алған болатын. Бірақ Әлиді жақтаушылар да болды. Олар: "Әкесі Тасқынның рухынан ұялсаңдаршы. Әкесі Тасқынға берілген марапат  деп қабылдап, бір темірді музыкант, талантты, биік мәдениетті  қазақтың бір ұлынан  қызғанбайық. Әли Тасқынұлы деп жазылған жазу көзіме оттай басылды"- деп жазып жатты.
 
Өнер иесі  барлық музыкалық жетістіктеріне берілген марапаттарынан бас тартқанын мәлімдеп  видео үндеу жолдаған болатын.