Екі күн бұрын Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданына қарасты "Бесшоқы" елді мекенінде орналасқан, №8 жалпы білім беру мектебінде, 100- жүзге жуық бала тамақтан уланып, ауруханаға түскен болатын.

 
Олардың екеуінің жағдайы ауыр болып, жансақтау бөліміне жатқызылған. Тиісті емін алғанан кейін балалардың жағдайы жақсарып, палатаға көшірілді-деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының директоры Гүлжан Ермекбаева.
 
Ақтаудағы тамақтан уланған оқушылардың жағдайымен танысу мақсатында, Маңғыстау облысына  ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев және Астана медициналық университетінің дәрігерлері келді- деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
 
Олар облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына барып, тамақтан уланған оқушылардың жағдайымен танысып, қабылдау бөліміндегі мамандарының жұмысымен танысты. Вице-министрі Ержан Шәкірұлы балалардың денсаулығы жақсарып, тез қалпына келуі үшін сапалы медициналық көмек көрсетуді тапсырып, жағдайдың бақылауда екенін жеткізді.
 
Маңғыстау облыстық балалар көпбейінді ауруханасының директоры Гүлжан Ермекбаеваның айтуынша, жағдай тұрақталып келеді. 
 
– Дәрі-дәрмек қоры мен төсек-орын жеткілікті. Медициналық қызметкерлер эпидемиологиялық жағдайға байланысты түнгі кезекшілікпен жұмыс істеуде. Қабылдау бөліміне келіп жатқан балалардың саны да азайып келеді. Бүгін 15 шақты бала үйлеріне шығарылуы мүмкін, - дейді Гүлжан Ермекбаева.