Тағы да Маңғыстауға қарасты, Бейнеу ауданында 16 бала тамақтан уланды.Бұл жәйт кеше, 12 қыркүйек күні болған. Сағат 18:34 шамасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылындағы Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы орта мектептің 16 оқушысының іші ауырып, аудандық жедел жәрдем бөлімшесіне жүгінген-деп хабарлайлды el24.kz тілшісі. 


«Қабылдау бөлімінде балаларға оральды регидратация және инфузионды терапия жасалды. Сағат 21:43–тегі жағдай бойынша 16 бала үйіне қайтарылды. Оқушылардың денсаулығы бірқалыпты. Бүгін барлығы мектепке барды», — деп жазылған облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада. 

Сондай-ақ, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының маманадары мектептегі астан, ауыз судан сынама алып, сараптамаға жіберген.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданында"Бесшоқы" елді мекеніндегі №8 мектептің бастауыш сыныптарында білім алатын 289 оқушы мектеп асханасындағы тамақтан уланған.