2025 жылдың 31 қаңтарында Алматы қаласында 17 жастағы жеткізу қызметінің қызметкері полицияға арызданған. Оның айтуынша, Алмас Кішкенбаев сыраға тапсырыс беріп, жеткізушіге бірге ішуді ұсынған және оған қол жүгірткен.

Бұл оқиға бойынша әншіге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша айып тағылды-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.

Бұл бап бойынша 20 айлық есептік көрсеткіш (78 640 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған.

2025 жылдың 3 ақпанында Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұл іс қаралды. Алайда, жәбірленушінің заңды өкілінің өтініші бойынша сот отырысы кейінге қалдырылды.

Әнші Сиви Махмуди Кішкенбаевқа қолдау білдіріп,әлеуметттік желі парақшасында: «Біз сенімен біргеміз» деп жазба қалдырды.

Көпшілік әншіге жала жауып отыр, ақша істеп қалу мақсатында болуы да мүмкін,- деп пікір қалдырған.