2025 жылдың 1 сәуірінен бастап еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (больничный) және басқа да медициналық анықтамалардың сегіз түрі тек электрондық форматта беріледі-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.

Бұл өзгеріс азаматтарға қағаз анықтамаларды алып жүру қажеттілігін жояды, және олардың келісімімен электрондық анықтамалар тиісті мекемелерге жіберіледі.

Электрондық форматқа көшірілетін медициналық анықтамалар тізімі:

  • Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
  • 075/е "Медициналық анықтама"
  • 026/е "ДКК қорытындысы"
  • 073/е "ТҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама"
  • 069/е "Санаторийлік-курорттық карта"
  • 052-2/е "Баланың денсаулық паспорты"
  • 076/е "Қаруға рұқсат алу"
  • 038/е "Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама"

Азаматтар eGov Mobile мобильді қосымшасындағы "eDensaulyq" бөлімін пайдалана отырып, өздерінің жеке медициналық деректеріне қол жеткізе алады.

Бұл жаңашылдықтар медициналық құжаттарды алу процесін жеңілдетіп, олардың қолжетімділігін арттырады.