Екі таныс адамның арасында кикілжің туындап, бірі екіншісін атып тастаған.

Оқыс оқиғаны қалалық полиция департаменті растады.

– Адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды және қаруы тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, таныс адамдар арасында жанжал болған.

Кейін бірі екіншісінің басына оқ атқан, - делінген хабарламада. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүріп жатыр.

 – Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Азаматтарды тек ресми дерек көзіне сенуге шақырамыз, - деп ескертеді елорданың полиция қызметі.

Дереккөз: КТК телеарнасы