Солтүстік Қазақстан облысында 30 жастағы Константин Белопухов өз анасын аяусыз өлтіріп, қылмысын жасыру мақсатында үйді өртеген.
Алайда, сот-медициналық сараптама оның қылмыс жасаған кезде психикалық ауытқуы болғанын анықтап,оны қылмыстық жауапкершіліктен босатты-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Сот шешімі бойынша, ол Алматы облысы Талғар ауданындағы Ақтас кентінде орналасқан мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеуге жіберілді.
Қайғылы оқиға 2024 жылдың 10 қарашасында Есіл ауданының Явленка ауылында орын алған. Константин Белопухов Ресейдің Омбы қаласында тұрып, анасына қонаққа келген.Ол қылмыс жасаған уақытта өз әрекеттеріне есеп бере алмағаны анықталды.