Белгілі дәрігер Евгений Комаровский коронавирус инфекциясы туралы  қате түсініктерді атап өтті.

Комаровский пандемияның басында адамдар интернет-дүкендерге тапсырыс беруден және банандарды жеуге қорыққанын айтты, деп хабарлайды «МК».  Осыдан кейін коронавирустың жаңа түрін жат планеталықтар немесе Қытайдың арнайы қызметтері таратқаны туралы аңыздар пайда болды.

 

Тележүргізушінің айтуынша, қазіргі уақыттағы негізгі түсініктер «аты жоқ, заты бар мамандармен» байланысты.

— Олардың айтуынша, арақпен немесе содамен дем алуыңыз керек, содан кейін мұрынға жылқы көңінің ерітіндісін тамызуыңыз керек, — деді ол.

Дәрігер көптеген адам емделгеннен кейін халықтық емдеу әдістеріне сене бастайтынына сенім білдірді. Комаровский мұрынға сәбіз шырынын тамызуды мысалға келтірді: ағза ауруды көкөністердің көмегінсіз жеңеді, бірақ пациент өзіне  шырын көмектесті деп ойлайды. Сондықтан вирусты жеңген адам блог жазып,  басқаларға пайдасыз ұсыныстар бере бастайды.

Дәрігердің пікірінше, қазіргі уақыттағы басты мәселе — мемлекетте ақпараттық саясаттың болуы.

— Күн сайын барлық арнадан адамдарға неден қорқу керек, неден қорықпау керек, қайда бару қажеттігі туралы қарапайым нәрселерді айтып, үнемі қайталап отырған жөн. Олардың сұрақтарына жауап беру керек, — деді Комар.

Дереккөз : kaz.365info.kz