Самар облысына қарасты (Ресей) Сызрандағы №27 мектептің оқушысы дене шынықтыру сабағы кезінде мұғалімді соққыға жығу оқиғасының деректерін айтып берді.

 
Оның айтуынша, мұғалімді үнемі төбелес, жанжал шығарып жүретін сегізінші сынып оқушысы ұрған. Оқиға 10 қаңтар күні болған. 

 

Бес ота жасап, қатты шаршаған хирург ауыр жарақат алған алтыншы науқасқа көмектесуге мәжбүр болды. 

 
Қытайда хирург ота жасап жатып ұйықтап кетті. Бірақ ұйқыдағы дәрігердің фотосы әлеуметтік желі қолданушыларының ризашылығын ғана тудырған. 
 
Гуйян қаласының ауруханасында хирург Луо Шанпенг 20 сағат бойы үздіксіз жұмыс істеп, бес ота жасаған екен. Қолын абайсызда еттартқышқа тығып алып, ауыр жарақат алған ер адам ауруханаға түскен кезде алтыншы рет ота жасауға бел буады.  Алайда қатты шаршап, ұйқы қыса бастапты.

 

Сауд Арабиясында ерлер әйелдерімен ажырасқанын бетіне айтпай-ақ, СМС арқылы естірте алады.

 
Яғни, ажырасу туралы сот әйелдердің қатысуынсыз өтіп, сот орындаушылары шешімді ұялы телефонға хабарлама ретінде жолдай салады. Осылайша Саудия билігі елдегі жасырын ажырасу фактілерін тыймақшы.

Қытай полициясы Гао Чэнъюнді 28 жыл бойы ұстай алмаған. 

Қытайдың билік өкілдері аса ауыр қылмыстар жасаған, оның ішінде 11 әйелді өлтірген қанішер зорлықшыны өлім жазасына кесті. Гао Чэнъюн отыз жылға жуық кісі өлтіріп, полицияға ұстатпай жүрген. Кісі өлтіргіштің ұстау туралы мәліметтерге сүйенсек, ол алғаш рет 1988 жылы Ганьсу провинциясындағы Байинь кентінде әйел адамды зорлап, өлтірген.

 

Тунисте әйел жыланға ұқсайтын шұлық киіп алып, күйеуінің көңілін аулағысы келген. Алайда бұл әрекетінің нәтижесінде ауруханадан бір-ақ шықты.

Бұл туралы Rassd Tunisia порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ер адам жатын бөлмеге кіріп, әйелінің киімін көрген кезде, төсекте шынымен де жылан жатыр екен деп ойлаған. Ол бірден асүйге жүгіріп, пышақ алып келіп, жыланның басына сұғып алыпты. Алайда ол жылан емес, әйелінің табаны болып шыққан.