Баланың жөтеліне бұл рецепт жақсы көмектеседі. Бұл емді бірінші қолданғаннан кейін-ақ балаңыздың жөтелінің басылғанын байқайсыз. Ол үшін жарты литр сүтті пісіріп алған соң, бір ас қасық қарағай бүршіктерін ( сосновый почки) қосып аздап араластырасыз. Бір сағаттан соң іше беруге болады. Қоспаны бір күннің ішінде ішіп тауысуы керек. Қажетінше емді жалғастыра беруге болады. 



 1 ірі бас пиязды үккіштен өткізіп, оған бір стақан қант қосып , 5 минут қайнатып аламыз. Жылы болған джемге 2 ас қасық бал қосып араластырамыз. Əр сағат сайын балаға 1 шəй қасықтан беріп тұрсаңыз, 1 -2 ішінде баланың жөтелі кетеді. 

 Сəбіз шырыны мен балдың пайдасы зор. Ол үшін бірнеше сəбізді шырын сыққыштан өткізіп қалауығызша бал қосып, балаға ішкізесіз. Шырынның жаңа дайындалғанының пайдасы көбірек болады. 

 Сұлы тұнбасының да жөтелге пайдасы зор. 1 литр қайнаған суға бір стақан сұлы саламыз да, екі сағатқа баяу отқа қоямыз. Кейін сүзгіштен өткізіп алып, аш қарынға жарты стақанын балмен бірге күніне 3 рет: таңертең, түскі асқа дейін 30 минут, ұйқы алдында бір рет . 

 Қара шалқан шырынын да жөтелге қолдануға болады. Орташа 7 данасын жұқалап турап, үстіне қант сеуіп, 8-10 сағатқа қоямыз. Одан шыққан шырынын сағат сайын 1 ас қасықтан беру керек.  

 
                                                    Емді дәрігермен кеңесіп жасаған жөн !