2019 жылы қай айда туғандардың сақ болуы керектігін астролог айтты.

Жаңа жылда қай жұлдыз белгісі ғаламшарлар қозғалысын өзгелерден ерек сезініп, өмірінің ең бір қиын сәттерін бастан кешіп, бойындағы күші сарқылғандай көрінетінін астролог Ирина Әбдірайымова айтып берді. 

 
«Айдың 10-ы мен 16-cы аралығында туған Тауешкі, Таразы, Шаян, Тоқты жұлдыз белгілері өмірінде белгілі бір өзгерістерді бастан кешуге мәжбүр болады. 
 
Осы уақыт аралығында туған Балықтар, Торпақ, Бикеш, Сарышаян белгілері үшін керісінше бәрі сәтті әрі оңай болып, өмірдің рахатын сезінеді. 
 
4-і мен 10-ы аралығында өмірге келген Балықтар, Егіздер, Бикеш, Мерген белгілері өтірік пен өзін-өзі алдаудан сақтануы тиіс. Жалған сөз, біреуді алдау-арбау, қулық істеу салдарынан күрделі шығын келуі ықтимал. 
 
Жалпы инвестиция жасаудан сақтанып, әр қадамды ойланып басқан дұрыс. Осы уақыт аралығында дүниеге келген Тоқты, Шаян, Сарышаян белгілері рухани жан дүниесін байытып, медитациямен айналысқаны жөн, олар қызықты сапарларға аттанып, ғашық болуы ықтимал. Шығармашылық үшін жақсы кезең», - дейді Әбдірайымова.  
 
Дереккөз: sputniknews.kz