Біле жүріңіз...

Ересек адамның денесі октиллион атомнан тұрады.

Денеміздегі қан тамырлардың қосындысы 96 мың км құрайды. Бұл ұзындық жерді үш рет айналуға жетеді.

Адамның миы минутына 1000 сөз оқи алады. 

Адамның миы компьютер болғанында секундына 38 катриллион операция жасай алар еді. Күніміздегі ең озық компьютер мұның 1 пайызын да орындай алмайды.

Қол немесе аяқтың тырнағы түбінен бастап толығымен өсу үшін жарты жыл уақыт өтеді. • Адам өмір бойы орталама 18 кг тері төгеді. 

Алынған оттегі мен калорияның 20 пайызын адамның миы тұтынады. 

Әрбір бүйректегі миллиондаған фильтр әр минутта 1,3 литр қан тазалайды. 

Әр адамның өзіне тән иісі болады. (Тек егіздер ғана бірдей иісті болуы мүмкін.) 

Әр адамның денесінде жарты миллион тер безі болады және бұлар күніне жарты литр тер бөліп шығарады. 

Адамның бойы таңертеңгісін оянғанда түнде жатар кездегімен салыстырған шамамен 1 см ұзын болады. Мұның себебі омыртқа арасының түнде босаңсып түрегеп жүргенде жиырылуында.

Адамның ДНК-сының жартысы бананның ДНК-сына ұқсас келеді. 

Адам денесі әр секундта 25 миллион жаңа жасуша өндіреді. 

Адам өмір бойы 25 мың литр түкірік бөледі.

Ащы ішектің ұзындығы адамның бойынан төрт есе ұзын. 

Адам ағзасындағы ең қатты зат тіс эмалі. 

Денеміздің әр сантиметр квадратында 32 миллионға жуық бактерия өмір сүреді.

Қан жасушалары (екі жағы ойық) дисктер формасында болады.

Мұрнымыз 50 мың түрлі иісті ажырата алады.