Тәуелсіздік күніне орай 4 күн демалыс беріледі. Алайда 20 желтоқсан, жексенбі, жұмыс күні болатыны хабарланып отыр. Биыл желтоқсан айында қазақстандықтар үшін барлығы 11 күн демалыс.

 

Алғашқы демалыс сейсенбі, 1 желтоқсан - Тұңғыш президент күні болатын. Бұдан соң тұрғындар 5, 6, 12, 13 желтоқсан, яғни сенбі-жексенбі күндері демалады. Сондай-ақ, 16-19 желтоқсан аралығында азаматтар күндерін үйлерінде өткізеді. Сәрсенбі, 16 желтоқсан - Қазақстан тәуелсіздігі күні. Тұрғындар 17 желтоқсан да жұмыс істемейді. 18 желтоқсан күні жексенбінің орнына демалады. 19 желтоқсан, сенбіге түскендіктен, жұмыс болмайды. Ал 20 желтоқсан, жексенбі күні қазақстандықтар жұмысқа шығады.