Қазақстандық астролог Ботагөз Жұмакаримова жаңа 2021 жылы елімізді не күтіп тұрғанын болжады. Экономикалық және саяси сахнадағы өзгерістер, пандемия қашан аяқталады, Бұқа жылы кімдерге әсер ететінін Stan.kz тілшісіне айтты. Маман Бұқа жылы 12 жылдық циклді бастаушы символ екенін, осы орайда, мүшелге кіретін қазақтарға өз кеңестерін ұсынды. 

Астрологтың айтуыншакоронавирус енді бізден кетпейді, алайда емі жеңілдей түседі, жаңа вакциналар пайда болады. Яғни, қазіргідей соншалықты қауіпті болмайды, ол қарапайым тұмау сияқты ауруға айналады. 

 

"2020 жылдың 21 желтоқсанынан бастап Юпитер мен Сатурн бірігеді, бірігу Суқұйғыш белгісінде жүзеге асады. Демек жағдай жеңілдей түседі: шекара ашылады, адамдар да еркіндікті сезінеді, вирус барған сайын қатты алаңдатпайтын болады. Желтоқсан мен келесі жылдың маусым айы аралығында вакцинаны жаппай салдыру басталады. Осыдан кейін вирусты маусым-шілде айларындағыдай жұқтырмайтын боламыз. 2020 жылдың маусым айы мен жылдың соңына дейін қалыпты режимде өмір сүреміз. Бетпердені әлі де тағып жүреміз, қолғапты әркім өз еркіне қарай киеді. Бірақ вирус бізде сақталады. Қазақстанда маусым-шілдеде мұндай қатты вирус "толқыны" болмайды. Себебі вирусты жұқтырудың шарықтау шыңына жеттік, дағдарысты өткердік", - дейді маман. 

Жағымды жаңалықтар ішінде экологиялық жақсарулар келер жылы болады деп күтілуде, дейді астролог. Сондай-ақ, медицина мен білім беру саласының ақсап тұрғанын байқалған соң, 2020 жылы осы салалардың дамуына басымдық берілетін болады. 

2021-де қазақстандықтарды қандай қиындықтар мен өзгерістер күтіп тұр?

"Қоғамның әрбір мүшесі өзгерді. Енді әр адам тек өзінің қоршаған ортасын ғана емес, бүкіл әлем де біздің үйіміз екенін ұғынды. Осы бағытта қазақтар да өзгерді. Қоқысты сұраптауды, эко сөмкелерді ұстауға дағдыландық. Компьютер қолдану қабілеттеріміз артты, онлайн форматта жұмыс істеуді үйрендік", - дейді ол. 

 

Экономика мен саяси саханада не өзгереді?

Астролог келесі жыл экономикалық тұрақсыздық байқалатынын айтады.

"Сатурн Суқұйғышта орналасады. Ал Суқұйғыш еркіндікті сүйеді. Ақпан, маусым айларында және күзде митингтер жиі өтетін болады. Суқұйғыш - еркін, гуманистік көзқарастардағы белгі. Дағдарыс басталғандықтан 2021 жылы да оның салдары байқалады, әсіресе, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына әсер етеді. Олардың жалақысы кешіктіріліп беріледі деген болжам бар.

Сұқұйғыш - "тазалаушы" әсері бар белгі. Ол қоғамды қажетсіз адамдардан, шығындардан, жағдайлардан тазартады. Сондықтан келер жылы саясатта парламент, министрлікте өзгерістер болады", - дейді ол. 

 

Алпауыт елдер ішінде басымдыққа кім ие болады?

Осы жылы басымдықта болған Қытай, АҚШ, Ресей, Еуроодаққа кіретін елдер келер жылы да бір қалыпта болады. Тек АҚШ-тың долларына қатысты мәселелер туындауы мүмкін, дейді астролог.

"Атап айтқанда, доллар тұрақсыз болады, бір түсіп, бір көтеріледі, бұл өз кезегінде елімізге де әсер етеді. Мұнай бағасы төмендеп, түптеп келгенде доллар бағасы көтеріледі", - деп атап өтті ол. 

 

Бұқа - ақшаның символы

Қытай күнтізбесі бойынша келесі жыл Ақ түсті метал Бұқа жылы. Ол - ақшаның символы, 12 жылдың алғашқы циклін ашады.

"Әр жылды бір жануар ашатын болса, Бұқа бірінші фазаға кіреді және ол келер жылы адамдарға тек өздеріне ғана сенуге шақырады. Үкімет, ата-ана, достарға емес, адам өзіне ғана сенім артқаны дұрыс. Бұқа жыл аяғында өзін жақсы жағынан көрсеткендерді марапаттайды. 2020 жылы көп адам қаржылық жағынан көтерілуі мүмкін. Бұл барлық жұлдыз белгілеріне қатысты. Әсіресе, суқұйғыш, торпақ, тауешкі келесі жылы жақсы мүмкіндікке ие болады, - дейді Ботагөз Жұмакаримова. 

Сондай-ақ, Бұқа өз мақсатын қойып, соған жеткен адамдарға қолғабыс етеді, дейді астролог. Тұрақтылық, мақсатқа жету жолындағы табандылығы жоғары, тәртіпті, аз сөйлеп, көп істейтіндерді Бұқа жақсы көреді екен. 

 

Мүшелге кіретіндер үшін бұл жыл - өзгеріс кезеңі

Астролог Ақ Бұқа 12 жылдық циклдің алғашқысын ашатынын айтады. Бұл өз кезегінде бізге қатты әсер етеді. Айтуынша, қытайлық 12 жылдық цикл күнтізбесі қазақтардың мүшел жасымен қатты ұқсас.

"Бұл циклдық жүйе қазақтардың 12 жылдық мүшел жасына қатты ұқсас. Осы жылы мүшелге кіретіндерге Бұқа әсер етеді. Жақсы жағынан да, жағымсыз мағынада да өзгерістер орнауы ғажап емес. Бұл енді адамның өзінің іс-әрекеттеріне де байланысты. Не ексең, соны орасың дейді. Демек, іс-әрекеттер болашағыңды анықтайды. Мүшелге кіретіндер үшін осы жыл белгілі бір өмірлік этапты аяқтайтын кезең болады. Мүшел жасында жақсылыққа кенелгендер осы уақытқа дейін де дұрыс бағытта өмір сүргендер", - дейді ол. 

Ботагөз Жұмакаримова мүшелге кіретіндер үшін бұл осы уақытқа дейінгі және осыдан кейінгі өзгеріс кезеңі екенін жеткізді. Мүшел жаста адам әдеттегідей киім-кешек, заттарын өзгелерге сыйлап, тарату керек. Мүмкіндігінше туыс-туғанға, жақындарға, мұқтаждарға көмектесу керек, көп берген сайын планета сізді де сыйға кенелтеді.