Сіз қандай ене боласыз? көзге елестету қызық шығар, сірә! Ендеше, болжап көрейік. Ол үшін 1-ден 10-ға дейінгі бір санды таңдаңыз. Таңдауыңыз сіздің қандай ене болатындығыңыз жайында айтып берсін.

1.Ақылшы ене. Келініңіздің жақсылы-жаманды қылықтарын реттеп, ақылыңды айтып отыратын ене боласыз. 


2. Кірпияз ене. Өзгенің жасаған әрекеті қытығына тиетін, ұнамды істерін көрмейтін, мазасыз енелердің қатарынан болайын деп тұрсыз.
3. Түсінігі мол ене. Кез-келген жағдайға түсінікпен қарап, ашудан бұрын ақылға салатын, ене боларсыз. Сізге түскен келіннің бағы бары анық.
4. Ұрысқақ ене. Келінін көрсе ұрысқысы келіп тұратын енелерді көрген боларсыз, сізде сондай боларыңыз мүмкін. 
5. Сәнқой ене. Талғампаз, трендтен қалмайтын, заманауи ене боларсыз.
6.  Үндемейтін ене. Бір көзіңізді қысып, қателіктерді көрсеңізде, көрмегендей болып жүресіз. 
7. Өсекші ене. Болмағанды болдырып, асыра сілтеп, ақпараттарды жан-жақтан жинап отыратын жаңалық құмар ене боласыз, бәлкім…
8. Қолы ашық ене. Қолы да жолы да ашық енесіз.
9. Ақша шашқыш ене. Яғни, той-думаннан қалмайтын, шақырған жерге құр қол бармайтын енелердің бірі боларсыз. 
10. Еңбекқор ене. Үйде де, түзде де тынбайтын, жұмысбасты ене боласыз.