Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында аллергиядан арылудың жолдарын айтты.
 
Дәрігер аллергиядан арылу үшін адам өз әдеттерін өзгертуден бастау керегін айтты.
 
"Аллергияға кінәлі тал-ағаш та, шөп-шөңге де емес, алдымен - өзіміз",-деді дәрігер.
 
Ұлжалғас Сманованың айтуынша, маусымдық аллергияның ең басты 2 себебіне мынадай:
 
ағзаның әбден ластануы және улануы: паразитоз.
 
"Режимсіз өмір сүру, дұрыс тамақтанбау, сол арқылы ағзаны қоқысқа толтыру, қарапайым су мен ұйқы режимін сақтамау,жоқтан өзгеге уайымдау, күйзеліспен дос болу, бәрі-бәрі ағзаны әлсіретіп, иммундық жүйеміздің сыртқы тітіркендіргіштерге қатты сезімталдығын оятады.
 
Соның салдарынан көп шөптердің тозаңы, құс-жануарлардың жүні, ауадағы шаң-топырақ, жәндіктер, қыл-аяғы шақырайған күннің көзіне де шыдай алмайтын нашар күйге жетеміз", - деп жазды маман.
 
Дәрігер талай жылдар бойы тоздырған ағзаны қалыпқа келтіру оңай емес екенін айтып, десе де мына қадамдардан бастауға кеңес берді:
 
Тамақтану тәртібін дұрыстайсыз. Дәмді, дәруменге бай емдік мәзір арқылы ауқаттануға көшесіз:
Ең тиімді әрі пайдалы, ағзаға еш қауіпсіз процедуаралар арқылы ішек құрылысыңызды тазалайсыз:
Ұйқы және су ішу режимдерін реттейсіз:
Қанайналымды, өт пен ішек жұмысын жақсартатаын жаттығулар жасайсыз:
Еске салайық, бұған дейін дәрігер өтті 3 минутта жүргізетін 3 өнімді атады.
 
 Дереккөз: Massaget.kz