Махаббат хикаясы
Ғани Әлихан
 
Сол күні үйге көңілсіз келген құрдасым көңілсіз кеткен . Ол кеткеннен қолыма қалам алып осы оқиғаны жазуды бастап жібердім . Өйткені бұл маған қызық оқиға . Бірақ жазғанда жазамын -ау , маған қызық болғанмен оған мұңлы оқиға . Сол үшін кеште болса да өзіне бір ауыз айтуды мақұл көріп қоңырау соқтым . 

 - Қой болды , енді жазба-  дейді .
 
- Бастап қойғанмын , жазбасам болмайды- дедім .

 - Онда вацабыма скриншот жіберші- деді . Айтқанындай ғып скриндеп жібердім . 

 - Сенің тап осы жазғаныңдай емес қой енді- дейді . Қысқасы өзі келіп өз аузыммен айтып беремін деп келісті . Оны қарайып күтіп апта жүрдім . Сол досым міне бүгін келді . Келгендеде құр қол келмепті , бір шөлмекті қолтығына қыса келіпті . Сусындатып отырып әңгімесін бастады . 

Әрине ешкім кедергі болмаған соң Айғаныммен аралары жақындай түскен . Балалықтың бір қызығы сол , ғашық болу деген . Негізі осы ғашық болу дегенің ол жартылай бақыт . Сол ғашығыңа қол жеткізсең сонда ол нағыз бақыт . Ал жетіп тұрып жолыңды кес - кестеген адамдар болса , онда басыма қара күн туды дей бер . Өйткені оны жақсы көресің , шын сүйесің , өмірде бірге болғың келеді . Бірақ бірге бола алмайсың . Оған бәрі қарсы . Әкең де , шешең де тіпті туған - тумаларың да . Қазақтың кейде осындайы бар . Көз көргенді алу керек , бейтаныстың беті аулақ дейді . Бұл бізде қазір де бар . Ұлың не қызың бөтен жерден қалауын тапса үрпиіп қаламыз . Оның кім екенін зерттеп түбіріне жеткенше тыпыршып боламыз .
 
- Сонымен сен әскерге кеттің ғой , мен сонда да ауылға қайтпадым- дейді . Сол зауытта жұмыс істеп жүре бердім . Өйткені Айкомды қимадым . Бір күні қызық болды . Ол күнде қазіргідей телефон жоқ суретке түсіп топтап лақтыра салатын . Суретке түсу үшін фотостудияға баруың керек , сонда барып екеуміз суретке түстік . Арадан апта өткенде қуанышым қойныма сыймай ауылға келдім . Себебі қолтығымда өзім сүйетін қыздың суреті бар . 

Содан не керек ауыл болған соң өзіңе белгілі анаған көрсетесің, мынаған көрсетесің . Мұны естігенде ауыл гу ете қалды . Бұл әрине менің де маманың құлағына жетіп талқыға түсті . ( марқұм Жәмила апа мінезді кісі еді ) .Ә дегеннен суретке шүйліккен мамам :

 - Ұзынсирақ , жартылай жалаңаш киінген қыздың керегі жоқ . Аудандағы Біләлдің қызын әперемін  деп айқайға басты- дейді . Осы Біләл дегені сол кездегі біздің аудандағы ауыл шаруашылық бөлімін басқарып отырған бір шөпкетышар еді . Міне мен мұны біздің қазақтың басты кемшілігі деп білемін . Қысқасы тең - теңімен тезек қабымен дегеннің кебін кидім . 

Ал қалалық келте көйлек киген қыз көздеріне құбыжықтай көрінді . О баста Есенгүл қарсы бола қоймаған .( өзінен үш жас үлкен туған әпкесі ). Ойладым сол арқылы мамамды көндірермін деп . Алайда мамамның айтқаны талқыға түспейтін біздің үйде оныңда сөзі аяқсыз қалды . Ал әкемді өзің білесің ғой , партияда болса да қой аузынан шөп алмайтын момын адам . Онан да қайран жоқ боп шарасыз күйде қалдым . Міне осыдан соң менің жолым тарс жабылды . 

Тіпті қаладағы жұмысыма жібермейтінін ашық жеткізді . Енді қайттім . Ал маған осы қызсыз өмір жоқтай көрінді . Қанша айтып түсіндірсемде мамам дегенінен қайтпады . Ол аздай екі үш күнге ауданға ала кетті . Сондағы құрбым әрі ескіден таныс сіңлім дейтін бір әйелдің үйіне апарды . Бұл кісі сол Біләлдің немере қарындасы екен . Қысқасы сонда мені өзіммен қатар Камила деген қызбен таныстырды . Алматыда оқитын студент екен . Елден ерекшелігі жоқ әйтеуір мұрнын шүйірген бір қыз .

Бірақ сөйлесе келе бұлда маған кенедей жабысып алды . Осылайша мен отпен судың арасында қалдым . Қалмай қайтейін , сөйлесіп тұрғаным басқа қыз ,ойлап тұрғаным басқа қыз . Енді маған қалай да жол тауып қалаға бару керек болды . Өйткені мен мына Камиланы емес қаладағы Айконы сүйетінмін . Мұндай жағдайда өзің білесің ғой , қатты тығырыққа тірелдім . Содан ауылға келген соң мамама уәдені үйіп - төгіп құжаттарымды әкелемін деп қалаға тарттым . Айкомды көргенімде қуанышымда шек болмады . Қанша құрақ ұшсамда көңілдегі кірбің көзге ұрып тұрды . Енді менен сезіктене бастады . Әрине сөз арасында сұрай бастады .

 - Жаным менің , саған не болған өзі дейді . Не дейін , не айтайын .
 
- Жәй , көңіл күйім болмай жүр деп жылы жауып қойғым келді . Бірақ ол менің бұл өтірігіме сенбеді . Ішім алай - дүлей күйде тұрмын , не болсада айтшы деп жалынды . Тіпті құшағынан босатқысы келмеді . 

 - Мен сендікпін , сен мендіксің . Мен сені ешкімше бермеймін деп қапсыра құшақтап құлай кетті . Тәтті еді ғой өзі тәтті білесің ғой , қимадым . Іштен тұншығып тағы да жата алмадым . Шашынан иіскеп тамағынан сүйе бердім . Ыстық демі тұла бойымды шарпып өтті . Көзінен үзілген жылы тамшылар бетімді шайып жатты . Қайтейін , міне мен Айғаныммын дейді . Мен сенікімімін , сенікі боламын дейді . Сонан соң еркіме қоя берді . Енді менде қарап қалмадым , шиедей ернінен түсіп қос анарын сүйе бастадым . Ол маған ессіз берілді . От боп жанған тәніміз тыным таппай тулап кетті . Таңды көзбен атырдық . Енді шегінерге жол жоқ саған дейді . Сен менің жанымсың дейді . Жүрегімнің жартысы сенімен ғана тыныс аламын дейді . Сенімен бірге болсам болды арманыма жеткенім сол дейді . 

Міне осы біздің алғашқыда соңғыда төсектес болған түніміз болды . Алайда біздің қуанышымыз көпке жетпеді . Өйткені ертесіне ақ совхоз директорының жүгізушісі Мұқаң төбе көрсетті . Танисың ғой Мұқаңды . Келді де әй шәйға қараған жоқ , мамаң тапсырды деп жүгімді салып алды да кетті . Тіпті сізде жігіт болдыңыз ғой түсінсеңізші . Бір қыз бар соның жұмысына соғып хош бол деп бір ауыз айтайыншы деп жалындым . Бәрібір айтқанымды қылмады . Туған нағашым емеспе керісінше жұдырығын ала жүгірді . Сөзім таусылып салдырлаған Уазикке отырғаннан басқа амалым қалмады . 

Осылайша бақытым басымнан бұлбұл ұшты . Ауылға жеткенше өксігімді басалмай қиналдым . Мұңымды көргенде түсіне ме деген нағашым күлкіге қарық боп келеке етті . Қысқасы ауылға жеткен соң үйден шықпай тырп етпей жылап жатып алдым . Мұны ет жақынымның бәрі есітті . Бәрі де біліп , сезіп жүрді . Бірақ мені түсінген бірде біреуі болмады . Болуына болдау бірақ ешқайсысы менің мамамнан асып кете алмады . Ал ішкі ойыммен арпалысып мен көп жүрдім . Бар ойлағаным сол Айғаным болды да тұрды . Қайтсем жетемін , қайтсем көремін деп қатты қиналдым . Осылайша азапты күндерім зулап өтіп жатты . Тіпті сорлы басым сол кезде Айғанымым өзі іздеп келсе екен деп те үміттендім . Алайда Айғанымнан ешқандай хабар болмады .
 
                                                                                                                                   жалғасы бар ...