Поезда бір жігіт жолсерік болып келді, ұзынбойлы екі иығына екі кісі мінетіндей ірі қазақ жігіті, әңгімелесе келе айтқаны спецназда істейді екен..Әңгімені қысқарта айтайын.. Бізді түнде Өскеменге түсірді самолётпен шұғыл тапсырмамен.

Сөйтсе Өскеменнің орыстары референдум жасап « Усть-каменогорский народный респулика »құрамыз деп митингке шығайын деп жатыр екен.. УНРқысқаша. Соған Семейден ұшақ пен қазақ жастары келгенде арнайы жасақ кері мінгізіп жіберіп отырыпты, поездбен, машинамен келгендерді де солай қайтарып отырған.

Содан алаңда тұрмыз, орыстар мәз-мәйрам балалары жанұяларымен шығып, қолдарында «УНР- русская!!! »ұрандарымен шығып мейрамдап жүр.. .біз тұрмыз ашу-ызамен оларды қорғап.. .Орыстар алаңды толтырды. Айтатындары қазақтың намысына тиетін сөздер. «УНР для русских а не для баранов» осындай және оданда жаман сөздер..оны жазбай ақ қояйын.. көбісі ішіп алған өздерін жеңімпаз сезінуде... Әбден қызған кезде бір дауыс: Әруақ!Әруақ! Жеріміз үшін Алға қазақтар !- деген ұран тастады. 

Әп сәтте жан жақтан спортшы тұлғалы жігіттер орыстарға жан жақтан бас салып ұрғандарын бірден құлатып жатыр, алаңда жаралы ыңырсыған дауыстарға толып кетті. Әйел балаларға тиіспеді. Еркектері бас сауғалап қашты қаншамасы алаңда қалды, енді аямай ұрды. Сосын қазақтар лезде тарап жоқ болып кетті.Біз тұрмыз еш араласқан жоқпыз іштей риза болып. Команда берген жоқ бір қызығы..кейін білсек Семей жақтан екі жүз атпен мінгесіп 400 дей жігіт түнде келіп дайындалып орыстарға ойран салған екен. Бұл жағдай сол жабулы қазан күйінде қалыпты Кремлде де Астанада да.Осылай достар.Біз қазақпыз!

Ақылбек Елмахановтың фейсбук парақшасынан