Менің биыл жасым қырық жетіге келді. Бір азаматтың ардақты жарымын. Үш баланың аяулы анасымын. Өгей деген сөз – жаны ашымас жат адамға айтылса керек, мен солай қабылдаймын. Өмірдің бұлжымас заңдылығынан сірә, ата-ананың қателігінің зарарын бала тартуы. Анамның қателігінің зардабын мен тарттым. Анамның қателігі- дұрыс ер адам таба алмауы деп ойлаймын. Ашынамын. Алайда, анамды әлі де түсінгім келеді. Ауылдың шаңына аунап, қазыналы қартдың бауырында өстім. Мен үш жасқа келгенде әкем бақиға аттанған екен. Әкем- ауылдың мұғалімі болыпты.

Отыз сегіз жасында жүрек талмасына ұшырап, төрт ай төсек тартып жатыпты. Анам әкемнің көзі тірісінде-ақ , өгей әкеммен көңіл қосыпты. Әкемнен қалған жетпіс жылқы, он сиыр, жиырма сексен сегіз қойды бір сәтте жоқ қылыпты. Дүниені қоя берші, арақ пен құмар ойнап құртқаны анық қой. Сол өгей әкем мені қақаған қыста екі шақырым алыс жердегі құдыққа жіберетін. Анам сол кездері маған алаңдамай ма? Әйтеуір, әкеме бір ауыз үн қатпайтын. Бір де сол су тасуға шығып, боранға қалғаным бар. Бір түн бойы далада есімнен танып, Боралдай асуында жатыппын. Өлмеппін. Мені бір шопан қария тауып, үйіне апарып, бір апта боран бетінің қайтқанын тосыпты. Боран қайтқаннан соң үйге әкелген соң... Өгей әкем хәлімді де сұрамастан белдікпен аямастан ұрды. Бар кінәм- жұмыс істемес үшін әкем мен анамды жұртқа жаман атты қылады екенмін. Жаны ашымас адамға жайыңның қандай екені қызықтыра ма? Сол оқиғадан соң ағайын атамның үйіне қашып кеттім. Атама бар шындықты айттым. Атам, анам мен өгей әкемнің рұқсатымен қолына алып, оқытты. Ұзатты. Разымын.

Арулар, азамат таңдаудан жаңылмаңыздар! Әсіресе, балаңыз болса сан рет ойланыңыз. Мен әлі күнге анаммен дұрыс сөйлескен емеспін. Неге? Себебін өзім де анық білмеймін.