Жұрттың бəрі атымды ұмытқалы қашан?! Ашуым келеді. Неге мен? Адамға ыңғайсыз. Көрген адамдардың бəрі бір түрлі қабылдайды.  Кішкентай бала біткен мені көрсе, сықылықтап күледі. Жігіттер де  мені көрсе, теріс қарап күледі. Əйтеуір, күледі. Қыз баласы болған соң мұртымның болғандығын қабылдай алмайтын сияқты. Мазақ болудан шаршадым. Ер жігіттердің мұртындай қалың мұртым бар. Мектеп кезінде, яғни он бірінші сыныпқа дейін  мұртым аса қатты білінбеуші еді.

Он жеті жасқа толғалы кəдімгідей күн сайын өсіп жатыр.  Ұстара тигізсем,  одан бетер өсіп кетсе қайтемін деп, əлі күнге тимей келемін. Мектеп кезінде талай қырмақшы болдым. Алайда, əжем ұстара тигізбе деп үнемі ескертіп отырды. Мектеп бітіру кешін де осы мұртымнан ұялып, вальсте билемедім.  Қатты ұялам. Дəріде жағып көрдім. Не жасасам болады?